Сомалидегі жарылыстан қаза тапқандар саны 276 адамға жетті

Бұған дейін 53 адамның қаза тауып, 60-ы жараланғаны туралы хабар тараған еді. Елдің федералды билігінің ақпарат министрі Абдирахман Омар Османның айтуынша, ел астанасындағы Ходан ауданында жүк көлігіне толтырылған жарылғыш зат қонақ үй ғимараты жанында іске қосылған.

Ешбір лаңкестің ұйым бұны мойнына алған жоқ. Бірақ ел билігі бұл қастандықты жасады деп "Аш- Шабаб" лаңкестерін айыптап отыр.