Ұлыбританиялық боксшы қазақстандыққа бос сөйлей бермеу керек екенін айтты.
"Оған мына хабарламаны жолдаймын: "Барлық белбеуді алғың келетінін жалғастыра беруіңе болады. Бірақ сөзден іске көшетін уақыт келді. Менімен маусымда кездесесің немесе кездеспейсің. Менің атымды атадың, қуанышпен жекпе-жекке келісіп, өтінішіңді орындаймын. Уақытты бос өткізбей, бастайық", - деп келтіреді Сондерстің сөзін espn.com.
Айта кетейік, ағылшын боксшысы Билли Джо Сондерс Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін. Ол осыған дейін де бірнеше рет қазақстандыққа қатысты атышулы мәлімдеме жасаған болатын.