Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Инвестициялар комитетiнiң төрағасы Ерлан Хаиров мәлiм еттi.
"Былтыр шетел инвестициялары бүкiл әлем бойынша 8 пайызға төмендедi. Соның iшiнде бiз сияқты дамушы елдерде 50 пайызға дейiн азайды. Соған қарамастан, Қазақстанда инвестициялардың тұрақты өсiмi тiркелуде. Жыл сайын бiз 20 млрд. долларға тарта шетел инвестициясын тартып отырмыз", - дедi Е. Хаиров.
Оның мәлiметi бойынша, 2014 жылы оның көлемi 23,9 млрд долларды құрады. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда, тек 100 млн. долларға аз.
"Соңғы 10 жылда Қазақстан 208 млрд. доллар шетел инвестициясын тартты. Негiзгi инвесторлардың бестiгiне Нидерланды, АҚШ, Швейцария, ҚХР және Франция кiредi", - дейдi комитет басшысы.