Соңғы 15 жылда еліміздегі діни бірлестіктер саны 10 есе өскен - ҚР үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес

А.Мұхашевтың ақпартына жүгінсек, бүгінде Қазақстанда 40 конфессияға қарасты 3000-нан астам діни бірлестік тіркелген. "Бір ғана Елордасының өзінде 45 діни бірлестік жұмыс істейді",- деді ол.

Кеңес төрағасы сондай-ақ, республикамызда діни бірлестіктерге қарасты миссионерлерінің саны да арта түскеніне назар аударды. "Осыдан 5 жыл бұрын елімізде небәрі 3-5 миссионер жұмыс жүргізсе, бүгінде әлемнің 22 елінен 336 миссионер жүр",- деді А.Мұхашев. Оның айтуынша, миссионерлердің басым көпшілігі христиан дінінің басты бағыттарының бірі болып табылатын протестантизм өкілдері.