Соңғы 25 жылда адамдардың өмір жасының ұзақтығы алты жылға ұзарған – зерттеу


Бұл туралы британдық The Lancet журналы хабарлады.
Атап айтсақ, 1990-2013 жылдар аралығында адам жасының ұзақтығы 65,3 жылдан 71,5 жылға дейін ұзарған. Ерлердің өмір жасы 5,8 жылға, әйелдердікі – 6,6 жылға ұзарған.
Ал, Африканың оңтүстігіндегі елдердегі жағдай керісінше: онда адамдардың жасының ұзақтығы ВИЧ/СПИД сынды аурулардың салдарынан кем дегенде бес жылға кеміген.
Непал, Руанда, Эфиопия, Нигер, Мальдив, Шығыс Тимор, Иран сынды елдерде адамдардың өмірі 12 жылға ұзарыпты.
Халықтың өліміне негізінен бауыр қатерлі ісігі, жүрек қағысының бұзылуы, есірткіден туындайтын сырқаттар, бүйректің созылмалы ауруы, орақ тәріздес жасушалы анемия, қант диабеті және ұйқы безі рагы сынды аурулар түрткі болады.