Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды

«Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасы 160 млрд. доллар шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Соның ішінде 60 млрд. доллар мұнай-газ саласына. Соңғы 50 жылда мұнай-газ саласына шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, сонымен қатар соңғы 20 жылда Қазақстанда мұнай өндіру 4 есеге артып, 80 млн. тоннаға қол жеткізілді.

«Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 17-ші орындамыз. Ал газ бойынша 5 есеге артып, 40 млрд. текше метрге жетті. Әлем бойынша 29-шы орындамыз»,-деді Ұ. Қарабалин.