Соңғы бес жылда Қазақстан республикамыздың азаматтарын басқа елдер аумағындағы экстремистік іс-әрекетке үгіттеп жүрген 20-дан астам шетелдікті тұтқындады

Оның айтуынша, "бұл Қазақстанмен көршілес елдердің азаматтары". Олардың арасында ҚХР, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары бар.

Сондай-ақ, Қ.Карбозов соңғы екі жылда ҚР ҰҚК-нің бастамасымен екі шетелдік жоғары оқу орны лицензиядан айрылғанын атап өтті. Теологиядан білім беретін бұл оқу орындарынан мемлекеттік құрылымды құлатуға, ұлтаралық араздықты өршітуге шақыратын әдебиеттер табылды, деді ол.