Соңғы фитнес-тест нәтижелері бойынша ұлттық құрама ойыншыларының күш-қуат деңгейі өзгермеген

Оның мәлімдеуінше, құрамадағы бірер ойыншылар ғана өз көрсеткішін жоғарылатқан. Ал 11-ші тамызда Оман құрамасымен өтетін ойында негізінен шабуылдан гөрі қорғанысқа көп көңіл бөлінеді. Себебі, команда ойыншылары бұдан кейінгі Түркия құрамасымен ойынға дайын болуы керек.

«Бұның алдында Эквадор құрамасына қарсы ойын өткіземіз деп ойлағанбыз. Қарсыластың кездесуге аз уақыт қалғанда ойыннан бас тартуына байланысты, Оман құрамасымен күш сынасуға бел будық. Бірақ бұл команда туралы бізде мәлімет аз. Сондықтан, мақсатымыз жанкүйерлерге жақсы ойын өрнегін көрсету», дейді бапкер.

Алдағы Оман құрамасымен жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы сапындағы Финонченко мен Григоренко жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Олардың орнына Мальцев пен Шабанов шақырылған.