Соңғы мәліметке сәйкес Қырғызстанда жер сілкінісінен 72 адам қаза тапқан - Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі

Қаза тапқандардың бәрі де Нұра ауылының тұрғындары.

"Қазіргі жағдаймен 38 адам көшірілді, олардың 14-і Ош облысының Сары Таш ауылына жеткізілген. Басқалары Ош облыстық біріккен клиникалық ауруханасына жеткізілді. Зілзала аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Арнаулы рейспен шатырлар, пештер, дизельдік отын мен дәрі-дәрмек жеткізілді",- деп хабарлайды мекеме.