"Соңғы өмірін түрмеде өткізуі мүмкін": Абзал Құспан Кәрім Мәсімовтің жазасына байланысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Кәрім Мәсімовті өмірінің соңғы уақытын түрмеде өткізуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz -ке сілтеме жасап. 

“Менің білуімше соттың үкімі заңды күшіне ене қойған жоқ. Прокуратураның сұрағаны 21 жыл деп айтылды. Мүмкін прокуратура тарапынан жазаны қатаңдату туралы наразылық берілер деген үміттемін”, - деді депутат.

Оның сөзінше, Кәрім Мәсімов жазасын толық өтейді.

“Мәсімов жазасын атқарады. Егер жасымен есептейтін болсақ 70-тен асады екен. Орташа есеппен 75-ке келеді екен. Сондықтан ол кісі соңғы өмірін түрмеде өткізіп қалуы ғажап емес”, - деді Абзал Құспан Мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар депутат Кәрім Мәсімовтың орынбасары болған Самат Әбішке байланысты да пікір білдірді.

“Қылмыстық істің құпия түрде жүргізілгенін білесіздер. Мен осы кезге дейін қылмыстық істің ашық қаралуын, ел-жұрттың, қоғамның көзі жетуі мақсатында ашық болғанын сұрадым. Бірақ құпия түрде өтті. Сол себепті қазір біле алмаймыз. Қазір мен Самат Әбіш кінәлі деп айтатын болсам онда ол кісі мені толық сотқа беруге құқылы. Сондықтан әзірге мәлімдеме жасай алмаймын. Бірақ тиісті тексерулер жүргізілуі керек деп есептеймін. Республиканың бас прокуратурасы тексеру нәтижесін елге құлағдар етуі қажет”, - деді Абзал Құспан.


Еске салайық, 24 сәуір күні Кәрім Мәсімовтың 18 жылға сотталғанын жазған едік.

Loading...