Соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Жыл соңына дейін (оқу жылы - авт.) 3,3 миллион оқушыны, ЖОО мен колледждердің 1 миллион студентін қашықтан оқыту бойынша жұмыс жалғасады. Аттестаттарды беру және соңғы қоңырау 3-4 маусым күні мектеп жанындағы ашық алаңдарда өтеді. Тек адам саны аз болуы керек және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуы керек", - деді Тоғжанов.

Ол ҰБТ штаттық режимде 20 маусымнан бастап, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 168 пункт бойынша өтетінін хабарлады.