"2000-2004-жылдар аралығында мемлекеттік бюджеттің барлық деңгейлері бойынша мәдениет саласын қаржыландыру көлемі оң қарқынмен өсті",- деді министр. Мәселен, 2004-жылы жергілікті бюджеттерден мәдениет саласын қаржыландыру көлемі 18,1 млрд. теңгені құрады. Бұл - 2000-жылғымен салыстырғанда 2 есе артық.
Мемлекеттік бюджетте мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға 2004-жылы 26,5 млрд. теңге қарастырылды. Министрдің айтуынша, 2003-жылғымен салыстырғанда мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру қаржысының көлемі 50 процентке артты.
Сонымен бірге 2004-жылы жергілікті бюджеттен республика көлемінде кітап қорын толықтыруға 113,9 млн. теңге бөлініп, 149 мәдени нысанға күрделі жөндеу жасалды. "Бұл сандар мемлекет тарапынан мәдениет саласын дамытуға басымдық берілгенін дәлелдей түседі",- деді Е.Қосубаев.