Соңғы үш жылда Қазақстан экономикасында әртараптандыру байқалған жоқ - мәжіліс депутаты

"Сараптама қорытындылары мен әлеуметтік экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесі, республика экономикасының жеделдетілген диверсификация және бәсекелестік жолында дамымағанын көрсетеді"-деді Д.Назарбаева. "Байқағанымыз шын мәнісінде ІЖӨ құрылымында тауар өндіру көлемі төмендеп барады. Тауар экспорты құрылымында минералды өнімдердің үлесі басым-71,9%, ал шикізаттық емес тауарлардың үлесі 6-7%",-деді депутат.

"Әсіресе өткір тұрған мәселе отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту",- деді Д.Назарбаева. "Соңғы жылдары капитал елден жылыстауда. Инвестициялар бизнеске жеңілдік жасалған көрші нарыққа кетіп жатыр", деді ол.

Сонымен қатар, " инфляция деңгейі орташа алғанда 2006 жылы 8,6% құрады, ал жоспарланғаны 5-7%, коммуналдық қызметтердің тарифтері мен баға өсіп барады.

"Үкімет 2005-2006 жылдары жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көбейткен жоқ. Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақылары небәрі 20% өсті. Сарапшылардың пікірінше күнкөріс деңгейі 20 мың теңгеден кем болмауы тиіс",-деп атап өтті Д.Назарбаева.

Депутат өз сөзін, "жалпы алғанда мемлекеттің соңғы үш жылдағы экономикалық көрсеткіштері көңіл көншітерлік емес",- деп қорытындылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті