"Соңғы күнге дейін күйеуінің ұранын айтпай жасырып жүрген": Күйеуінен әбден қорлық көрген 29 жасар әйел өзіне қол салды

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Менің аттасым екен, есімі Гүлмира. Жасы 29-да. Күйеуге тигеніне 3 жыл. 2 жасар егіз ұл мен қыздың анасы. Өздері бір туған 3 қыз, 1 ұл. Соңғы күнге дейін әпкелеріне күйеуінің ұратынын айтпай жасырып жүрген.

Кеше (26.07.26) таңғы 09:45 үш бауырының басын қосып, ватсап топ ашып, видеоға шығады. Мойнын, қолын орап алған дейді маған хабарласқан туған әпкесі. Күйеуі үнемі ұрып-соғатынын сол кезде айтып, жылап, егіздерін табыстап, өмірмен қоштасып кете берген.

“Жаңа ғана моргтен денесін көрдік. Сау-тамтық жері жоқ, бәрі көгерген, қолы сынған. Ендеше, неге бізге өз-өзіне қол жұмсады деп хабар берді? Гүлмира апай, көмектесіңізші! Істі жылы жаба ма деп алаңдаймыз” дейді туыстары.

Шынында да, әйел өз-өзін әбден ұрып, қолын сындырып, сосын өзі өліп қалмаған шығар? Еріксіз Салтанат марқұмның унитазға басын әбден өзі ұрды дегені еске түседі екен.

Жер бетінде ешбір әйел-ана ешқашан балаларын қиып тастап, себепсіз өз-өзіне қол жұмсамайды", - деп жазды журналист.