Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Журналист тарихи жеңіс туралы пікірін желідегі парақшасында қалдырған.
"Көптен күткен алтын! Қазақстан таеквондошы Айым Серікбаева (-44 кг) жастар арасында Әлем чемпионы атанды. Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол Понсе Нуньес Дара Ширлиді (Мексика) 2:0 есебімен жеңді. Осылайша, араға 20 жыл салып Айым Серікбаева Қазақстанға жастар арасындағы Әлем чемпионатының алтын медалін сыйлады. Бұған дейін таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы соңғы рет алтын медалді 2006 жылы жеңіп алған. Құтты болсын!", - деп жазды ол.
Айта кетейік, Айым Серікбаева Жамбыл облысының тумасы.