"Шетелдегі қазақ балалары" жобасының авторы Жанар Байсеміз Динараның туған анасына суыт хабарды естіркенін жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Журналист бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.
"Соңғы екі-үш күн бойы жүрегім ауырып, жаман болып жүр едім, күздің әсері болар деп ойлағанмын, деді Динараның туған анасы. Сездірткен екен ғой... Соңғы рет Динара туған анасына күліп түскен суретін жіберіп, менде бәрі жақсы депті... Жаманат хабарды жеткізу қандай ауыр", - деп жазды ол.