Соңғы жылдарда алғаш рет қолма-қол рубльге деген таза сұраныс минусқа кетті

ҚРҰБ деректеріне сәйкес, теріс көрсеткіш кем дегенде соңғы бес жылда алғаш рет тіркеліп отыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Халық Ресей валютасының американдық валютаға қатысты 13,4% ж/ж әлсіреуі аясында оған деген қызығушылығын жоғалтуда (ең болмағанда қолма-қол ақша түрінде). Сарапшылардың пікірінше, мұндай динамикаға бірнеше негізгі оқиғалар әсер еткен болуы мүмкін, соның ішінде Ресейдегі доллармен және еуромен биржалық сауданың тоқтауы, сондай-ақ 50-ден астам ресейлік банктерге қарсы жаңа санкциялар пакеті. Datahub_kz телеграм арнасы деректер келтірді.

Айта кетейік, 2023 жылы рубль бұрынғыдан да қатты әлсіреді, 30%-ға (тоғыз жылдағы рекорд). Қатты құлдырау Ресейге тән факторлар жиынтығымен байланыстырылды: капиталдың жылыстауы, жыл басындағы мұнай экспортының теріс динамикасы және импорттың өсуі. Сол арада, 68 есеге төмендегеніне қарамастан, қазақстандық айырбастау пункттерінде қолма-қол рубльдің нетто-сатылымы оң болды – 4,1 млрд теңге.

Бір қызығы, қорытынды мән минус болған шақта рубльге таза сұраныс 20 өңірдің 15-інде байқалады. Бұл ретте ең жоғарғы сұраныс – Шығыс Қазақстан (12 млрд теңге) және Қарағанды облыстарында (8,9 млрд теңге). Себебі, жалпы жағдайға небәрі екі өңірдің - Астана (-46 млрд тг) және Алматының (-14 млрд тг) көрсеткіштері әсер етуде.

Рубльге қарағанда доллар мен еуроның нетто-сатылымы айтарлықтай өзгере қоймағанын қосымша айта кетеміз. Бірінші жағдайда әңгіме 6,3%-ға, 1,9 трлн теңгеге дейін өсу туралы болып отыр. Екіншісінде – 3,5%-ға, 207,3 млрд теңгеге дейін төмендеу туралы.