”Соңына дейін баруым керек”: Елдос Сметов 2028 жылғы Олимпиада бойынша шешімін айтты

Бұл туралы ол AqyrysSeitqazy арнасына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengri Sport.

33 жастағы спортшы үшін 2028 жылғы Олимпиада мансабындағы төртінші Олимпиада болуы мүмкін.

Сметов спорттық мансабын жалғастыруға шешім қабылдағанын айтып, алда қалған уақытты барынша тиімді пайдаланып, дзюдода жаңа жетістікке жетуді көздейтінін айтты.

"Төртінші Олимпиадаға баруға мүмкіндік бар. Осы мүмкіндікті барынша пайдалану үшін үлкен спорттағы мансабымды жалғастыруға шешім қабылдадым. Қазақта "Алтын тапқан жерді белден қаз" деген сөз бар ғой. Менің өмірімде, менің саламда алтын тапқан жерім - спорт, соның ішінде дзюдо. Дзюдода мен қолданатын әдістер бар - бір рет пе, екі рет пе, әйтеуір сол тәсілдерім. Мұнда алтын бар, мен оны соңына дейін алуым керек. Маған тиесілі, маған керек алтынды алуым керек. Өйткені сол үшін алтыннан да қымбат дүниемді беріп жүрмін. Ол - менің денсаулығым", - деді спортшы сұхбат барысында.