Соққыға жығылған «Ақтөбе» футболшысы Э. Кенжисариевке тағы бір ота қажет

Белгілі болғандай, ойыншыға тағы бір ота жасау керек, деп хабарлайды Sports.kz.

Бірнеше аптадан соң Кенжисариевке Германия немесе Израиль клиникаларының бірінде қайта ота жасалады. Қазір 25 жастағы футболшының денсаулығы баяғыша бір қалыпты, бірақ сауығу үрдісі байқалмайды. Дәрігерлердің айтуынша, Эмиль кейде есін жинайды, бірақ әзірге сөйлей алмайды.

Кенжисариевтің клубтастары мен достары қымбат отаға қажет қаржыны жинап беруді жоспарлап отыр. Оған кемінде 50 мың доллар қажет деген ақпарат бар. Ота жасалған соң ғана ол алаңға орала ма жоқ па деген сұраққа жауап табуға болады.