Бұл туралы ол Instagram-дағы тікелей эфирінің бірінде айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Кеңес заманындағы қазақ жазушыларының романдарында бақытты әйелдің образы жоқ. Әйел мал сияқты суреттеледі. Ондай кітаптарды оқымаңдар. Мен қазақ классикасының ешқайысын да оқымағанмын. Не қажеті бар? Мүлдем оқымағанмын, ешкімді. Тағдырлары иттің тағдырындай. Ол адам емес, иттік өмірді көрсеткен. Ондай адамдар жоқ емес, бар. Сондайды оқып алады да, әйелдің өмірі өмір емес, ит өмір деп ойлайды. Соған сеніп жүресіңдер. Ондайды оқымаңдар. Мен ешқашан оқымағанмын. Мен онымен ешқашан келіскен емеспін. Сорлап, бейшара болып жүрген Ұлпандарды оқыған жоқпын", - деді Роза Әшірбаева.