Сорос қоры Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға гранттар бөлді

Атап айтсақ, жылдың екінші жартысында Сорос-Қазақстан қоры Қазақстандық журналистерді еліміздің табиғи ресурстарын игеруден тапқан пайданың Қазақстанды әлеуметтік, экономикалық және саяси дамытуға тигізетін әсерін зерттеуге қатысты мәселелерді Бұқаралық ақпарат құралдарында кәсіби баяндауға машықтандыруға бағытталған семинар-тренинг шараларының топтамасын жүзеге асырады. Жобаның бюджеті 47,4 мың долларға тең.

Сондай-ақ, "Тәуелсіз журналистиканы қорғау жөніндегі Forpost ордені" қоғамдық бірлестігінің 25,7 мың долларға бағаланған жаңа жобасы бекітілді.
Сорос қоры "Салық мәдениетін қалыптастыру" қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып бейресми ұйымдардың Қазақстандағы бюджеттік процесте атқаратын ролін күшейтуге бағытталған жобаны жүзеге асырмақшы. Жобаның жалпы бюджеті 158,5 мың долларды құрайды. Жоба бірінші кезекте аймақтық бейресми ұйымдарға бюджетті қалыптастыру процессіне қатысуға қолұшын беруге бағытталады. Жоба аясында 2005-жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуына және 2006-жылғы бюджетті қалыптастыру барысына талдау жасалып, парламентке жолданады. Бірінші кезекте денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыздық, тұрғын-үй -коммуналдық шаруашылық, ғылыми зерттеу, ауылшаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау саласына жұмсалған шығындарға талдау жасалады.
"Election and Democracy" қауымдастығының "Қоғамға баспасөз бен электрондық БАҚ-тар арқылы шикізат өнеркәсібі мен одан түскен пайданы бөлісу проблемаларына қатысты обьективті ақпарат беру"атты жобасы бекітілді. Бюджеті 18,2 мың долларды құрайтын жобаны жүзеге асыру нәтижесінде "Мұнайдан түскен пайданы қоғам тарапынан бақылау" атты бюллетень дайындалады.
"Қазақстандағы ювеналдық юстиция" қорынң бағдарламасын қолдау одан әрі жалғасады. Бюджеті 12,7 мың долларды құрайтын бұл жоба кәмелеттік жасқа жетпегендер үшін арнаулы әділет жүйесінің моделін жасап енгізуді көздейді.