Сорос-Қазақстан қоры ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің аймақтық маман дайындау орталықтарының оқытушыларына арнап семинар өткізуде

Сорос-Қазақстан қорының "Жергілікті өзін-өзі басқару" жөніндегі бағдарламасының үйлестірушісі Гүлнар Мұхамбетованың пікірінше, қазіргі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарын ұйымдастыруға мүлдем жағдай жасалмаған. Соған қарамастан, ел басшылығының талабы бойынша, жергілікті өзін-өзі басқару институттары болашақта міндетті түрде құрылатынына дау жоқ, онда да муниципалдық модель бойынша құрылуы мүмкін. Соған сәйкес, әкімдер сайлау арқылы құрылатын билік органдарының жалдамалы менеджері ролін атқаратын болады деп күтілуде.

Сорос-Қазақстан қоры өзін-өзі басқару жүйесі органдарының жергілікті қоғамдастықтар мен аумақтарды басқаруға қабілетті болашақ мамандарын оқытатын оқытушылар резервін дайындау міндетін өз мойнына алып отыр. Бұл бағдарлама бойынша қор жергілікті жерлерде азаматтық белсенділік ошақтарын құруды мақсат тұтады. Оған себеп, қазіргі жағдаймен Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құруға мемлекет тарапынан алғышарттар жасалмаған, заңдық негіз бен қаржыландыру көзі нақтыланбаған, қажетті мамандар мен сарапшылар да жоқ. Ал жергілікті қоғамдастықтардың жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құруға деген сұранысы өте төмен, ал жергілікті тұрғындар болса, өздерін билік іс-қызметінің обьектісі ретінде санайды. Соған байланысты аталмыш бағдарламаның басты мақсаты - аймақтық орталықтардың оқытушылары тарапынан аймақтағы ахуалға қарай дербес оқыту бағдарламасын дайындап шығару болып табылады.
Г.Мұхамбетованың айтуынша, таяу болашақта қор аймақтық орталықтарда тәжірибе жүзінде халық сайлаған ауылдық округтердің әкімдерін оқыту туралы бастама көтермек ниетте. Аталмыш бағдарламаның алғашқы нәтижесі оқыту нәтижесінен көрінбек.
Бұл курсқа Мәскеу қоғамдық ғылыми қорының сарапшылары оқытушылық жасайды.