Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті қызметіндегі заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізіп, осы органның сот актілерін ойдағыдай орындай алмай отырғанын анықтады. Жағдайдың мұндай болуына негізінен сот орындаушылардың әрекетсiздiгi және орындау құжаттарының жоғалуы себеп болып отыр.
Тексеру барысында жыл сайын сот орындаушылардың әрекетсіздігіне түсірілген шағымдардың әрбір екіншісін сот, ал үшіншісін прокурорлар қанағаттандырып отырғаны анықталды. 2007 жылы орындау құжаттарының шын мәнінде 75% пайызы ғана атқарылған. Ал қалған 25% пайызы қазіргі уақытқа дейін орындалмаған немесе ұзақ кешіктіріліп барып орындалған.
Атап айтқанда, өткен жылы қазан айында Бас прокуратура ішінара жүргізген тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысының Сот әкімшілігінің аймақтық бөлімшелерінде орындау құжаттары бойынша 180 жағдайда орындаушылық өндіріс қозғау туралы қаулы шығарылмағанын анықтады.
Бұдан басқа, прокурорлар сот орындаушылар 2001 жылдан бастап тек атқару өндірісін қозғап және есепке алатын органдарға сұрау салумен ғана шектелген, сот актілерінің орындауына басқалай қажетті шаралар қолданбаған 1800 орындау құжатын анықтаған.
Мұндай фактілер барлық аймақтарда анықталды.
Сот орындау саласында орындаушылық өндірістерді жоғалту жағдайлары жылдар бойы жалғасып келеді. Бұл жәйт 2007 жылы да көптеп орын алған.
Мысалы, Павлодар облысының Сот әкiмшілігі аппаратының Екiбастұз аймақтық бөлiмшесiнің сот орындаушысы Б.Жылқыбаев қызметінен босатылған кезде құжаттарды қабылдау-тапсыру актісін толтырмай, 300 млн. астам теңгені құрайтын 363 атқару өндірісін жоғалтып жіберген. Бұл факті бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғап, қазіргі уақытта бұл іс тергеу үстінде.
Бас прокуратура жолдаған орындаушылық өндірісі бойынша түскен шағымдарға аталмыш Комитет: "орындаушылық өндірісі жоғалған, сот орындаушысы жұмыстан босатылған, соған байланысты оның жауапкершілігі жөнінде мәселе қарауға жатпайды" деп ылғи бірсарынды жауап қайтарады.
Бұл жағдайға сот актілерін орандауға асықпайтын мемлекеттік органдар да өз үлесін қосуда. Мысалы, өткен жылы 4,3 млрд. теңгені құрайтын 3 841 орындау құжаты толтырылса, оның шын мәнінде 2,9 млрд. теңге құрайтын 3 121 құжаты немесе 68 % пайызы ғана орындалды. Өндiрушiлердiң алдындағы барлық дерлiк қалған қарыз Еңбек және әлеуметтік қорғау (255 миллионнан астам теңге), Қаржы (876, 9 миллионнан артық теңге), Қорғаныс (70, 9 миллионға жуық теңге), Ауыл шаруашылығы (38, 3 миллион теңге) министрлігінің мойнында қалды.
Сонымен бірге прокурорлар азаматтардың шағымдарын және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңдылық талабын комитеттің өзі өрескел бұзғаны жөніндегі фактілерді анықтады.
2007 жылы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңның қабылдануына қарамастан Комитет осы уақытқа дейін ҚР Президентінің "Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" 1995 жылғы Жарлығы негізімен жасалған Нұсқаулықты басшылыққа алып отыр.
Прокурорлық тексеру барысында Комитетке түскен өтініштердің 90 пайыздан астамы облыстардың Сот әкімшіліктеріне факспен жіберілетінін болып шықты. Бұл ретте көп жағдайда өтініш берушілерге олардың өтініштері қарау үшін аймақтарға жіберілгені жөнінде хабарланбайды. Комитеттің барлық жұмысы өтініштерді аймақтарға, оның ішінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған лауазым иесінің өзіне жіберумен ғана тынатын болып шықты.
2007 жылы Комитетке 3031 өтініш түссе, оның 2842-і орындаушылық өндірісі мәселелері бойынша болды. Бірақ мекеме қанша өтініштің түскені, қаралғаны және олардың нәтижелері жөнінде статистикалық есеп тапсырмайды. Оның үстінде олар өтініштерді қарау мерзімі, сонымен бірге өтініш берушілердің шағымдарына жауапты сол тілде қайтару туралы Заң талаптарын да жиі бұзып отырған.
Бас прокуратураның тексеру нәтижелерi бойынша ҚР Үкіметі мен Жоғарғы Сотқа аталған заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Бұл саланы қадағалау жұмысты өз жалғасымын табуда.
Осы жылдың 1-ші тоқсанында Бас прокуратура Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетпен бірлесіп Қарағанды облысының Сот әкімшілігі мен оның сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің қызметін тексерді.
Бұл орайда көп жағдайда сот орындаушылар сот актілерін міндетті түрде және уақытылы орындауды қамтамасыз етуді қарастыратын "Орындаушылық өндірісі және сот орындаушының мәртебесі туралы" Заңның талабын орындамайтыны анықталды.
Бәрінен де бұрын орындау құжаттарының атқарылуы мерзiмдерін сақтау талаптары жиі бұзылатын болып шықты. Дүйсенбеков дегеннен мемлекет кірісіне мемлекеттік баж салығын өндіріп алу туралы орындау өндірісі 2005 жылдың қыркүйек айында қозғалса, ол 2007 жылдың маусым айында ғана орындалған. Мұндай заң бұзушылықтар Сот әкімшілігінің тексерілген барлық аумақтық учаскелерінде анықталды.
Сот орындаушылар құжат түскен күннен бастап 3 күннің ішінде орындау өндірісін қозғау туралы заң талабы көбіне орындамайды. Мәселен Шахтинск аумақтық учаскесінде 9 орындау құжаты бойынша орындаушылық өндірісі өз мерзімінде қозғалмағаны анықталды.
Орындау құжатын толық мәжбүрлеп орындатудан кейін санкцияның 10 пайызын өндіріп алу туралы заң талаптары да орындалмаған.
2007 жылы Қарағанды облысының сот орындаушылары 1 млрд. 62,5 млн теңге өндіріп алды, яғни орындау санкцияның көлемі 106 млн теңгеден аз болмауы керек. Бірақ, 2007 жылғы статистикалық есеп бойынша сот орындаушылар 30 млн теңгеге жуық қана қаржы өндіріп алған.
Анықталған заң бұзушулықтар нәтижелері бойынша ішінде Қарағанды облысының Сот әкімшісі және оның орынбасары да бар 23 лауазымды адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.