Сот әнші әйелін соққыға жыққан Бауыржан Ашығалиевті ақтады

Бұл туралы Caravan.kz  медиа-порталы Stan.kz-ға сілтеме жасап хабарлады. 

Бұл туралы "Не молчи" қоғамдық қорның Facebook-тегі парақшасында жарияланды.

"Сот тек учаскелік инспектордың пікірімен санасып, Бауыржан Ашығалиевті толығымен ақтады. Басқа да куәгерлердің сөзі мен сот сараптамасының нәтижелері ескерусіз қалды", - деп жазылған қоғамдық қор парақшасында.


Еске салайық, бұған дейін Әнші Ксения Ашығалиева өзін күйеуі соққыға жыққаны үшін сот отырысы өтіп жатқандығы жайлы айтылған еді.