Сот ауыл шаруашылығы вице-министрін қамауға алуды санкциялады

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Умирьяевті қамауға алу бұлтартау шарасын санкциялады.

Ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атану үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Муслим Умирьяев Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлерімен 21 желтоқсанда өз пәтерінде пара алғаннан кейін ұсталды.


Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.