Қылмысқа қолдау көрсеткені үшін 13 жыл! Бүгін Ержан Өтембаевқа осындай үкім кесілді. Белгілі саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіргендердің ісін қайта қараған сот Сенат аппараты экс-жетекшісінің жазасын 7 жылға қысқартып отыр. 2006-шы жылы ол тапсырыс беруші ретінде 20 жылға сотталған болатын. Тек кейін Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісіне қару кезенген жендет Рустам Ибрагимов тергеушілерге берген жауабын өзгертіп, тапсырысты Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаевтан алғанын айтқан болатын. Бүгін Алматы облысының ауданаралық соты бұл екеуінің қанды қылмысқа «қатысы бар» деп тапты.