"Бұл кешеннің құрамына халықаралық аэровокзал ғимараты, аэродром бөліктері мен осы ғимараттар орналасқан жер телімдері кіреді. Осының бәрі Қырғызстанның Қаржы министрлігінің жанындағы Мемлекеттік экономикалық даму қорына кепілге қойылады. Ол жалпы сомасы 1,5 млрд сом болатын және қазір игеріліп қойылған Жапония несиесін қамтамасыз ету үшін қажет болды", - деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Елдің екінші әуежайы саналатын "Ош" әуежайының да мүліктік кешені ол жөндеуден өткізілу және 45,3 млн доллар көлеміндегі қарыз алу үшін кепілге алынды. Қырғызстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Дүниежүзілік банк пен Алматыдағы Ислам даму банкінің өңірдегі өкілдігіне сұраныс жолдаған. Министрлік Ош және Ыстықкөл әуежайларын жөндеуден өткізуді қаржыландыру мүмкіндігін өтінді. Қазіргі таңда "Манастың" бір акциясының нарықтық бағасы 22 сом. Құнды қағаздардың жалпы саны 270 869 044, жалпы нарықтық капитализация - 613 118 968 сом. Еркін айналымдағы қарапайым акция мөлшері - 12,48 пайыз.
"Халықаралық "Манас" әуежайы" ААҚ мүліктік кешенін кепілге қою процедурасына түсініктеме бере тұрып, Қырғызстан Республикасының қаржы министрі Тәжқан Қалымбетова бұның әуежайдың өзіне еш қауіп әкелмейтінін мәлімдеді.