Бұл туралы Мұхтар Тайжан Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Мен туралы жалған ақпарат таратқаны үшін Марғұлан Сейсембаев жұрттың алдында (Фейсбук пен инстаграмда) кешірім сұрайтын болады.
Әрине, егер апелляция басқаша шешім шығармаса.
Алматы қаласы Бостандық ауданының судьясы Жамиля АРСТАНОВА осы жаңа менің Марғұлан Сейсембаевқа қатысты ар-намысты қорғау және маған және отбасыма қатысты шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жоққа шығару туралы талап арызым бойынша шешім шығарды:
-Марғұлан Сейсембаев Фейсбук және Инстаграм әлеуметтік желілеріндегі өз парақшаларында жария кешірім сұрауға міндеттелді;
-Маған 5 млн теңге көлемінде моральдық шығын өтейді.
Шешімнің мәтінін біз 5 жұмыс күнінен соң аламыз, алған соң оны жариялаймын.
Шешімге қанағаттанамын ба, жоқ па, ол туралы өзімнің ақырғы пікірімді шешіммен толық танысқан соң қабылдаймын", - деп жазды Мұхтар Тайжан.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын кәсіпкер Марғұлан Сейсембай белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Тайжанға оның қандай да бір жолмен алған ақшалары туралы, оның 2016-2017 жылдары отбасын асырадым деп айтқан болатын.