Сот орындаушысы пара алу үстінде ұсталды (ВИДЕО)

24.kz арнасының мына бейнекөрінісінде күдікті алған ақшасын лақтырып үлгереді. Ол 30 мың теңгені мүлікке салынған тыйымды жою үшін сыйақы ретінде алған. Жергілікті серіктестіктердің бірінің мүлкін тұтқыннан босатамын деп басы бәлеге қалған сот орындаушысының ісін енді сот қарайды.