Caravan Logo

Сот Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты

Сот Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімін бір айға ұзартты

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 10 тамызға дейін ұзартылды", — деді агенттікке сұхбат беруші телефон арқылы. 

Айта кетелік, Бишімбаев бірнеше мәрте пара алып, Қызылордада шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен 12 қаңдардан бері қамауға алынған.