Бұдан соң хатшы қыз тағы екі көлікті талқандап барып бір-ақ тоқтапты. Ауыр жараланған жаяу жүргінші жедел жәрдем көлігінде жатып жан тапсырды. Ал жол апатын жасаған сот өкілі айтарлықтай зардап шеккен жоқ. 23 жастағы Алтынгүл Маева, енді 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ол Атыраудағы № 2 сотқа екі ай бұрын ғана жұмысқа тұрған екен.