Сот ШҚО тұрғынын Екібастұздың бұрынғы әкімінің өліміне айыпты деп таныды

Алқа билер сотының айыптау тұжырымдары негізінде айыпталушы 15 жылға бас бостандығынын айыруға  және жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге сотталды, деп хабарлады соттың баспасөз  қызметі.

Бұл О.Мейрамбаевқа қайтадан өткен сот болатын. Алғашқысында оған ақтау үкімі шығарылды, бірақ та облыстық прокуратура оған наразылық білдіріп, ол алқабилер сотының алдында жауап берді, бұл жолы оның айыбы толық дәлелденді.

Еске сала кететйік, Екібастұздың бұрынғы әкімін өлтіру оқиғасы 2008 жылғы мамырда болды. Оны күндіз өзінің джип машинасына отырып жатқанда «Асыл» қалалық базарының қасында атып кетті. Кісі өлтіруші оны күтіп тұрған машинамен із жасырды.