Дүйсенбі күні сотталушының адвокаты Ботагөз Бейсембаева: «4-желтоқсанда осы камералардың бірі процесті бастан-аяқ түсірді. Меніңше, бұған жол беруге болмайды. Сот барысын көрсететін және түсіретін адамдардың қылмыстық құқық негіздерінен титтей де болса хабары бар шығар деп ойлайтынмын», - деді.
«Іске қатысты куәлардың арасында әлі жауап алынбағандары да бар. Заң бойынша, өзге куәлармен сөйлесуіне жол бермес үшін жауап алынған куәларды залдан шығарып жібереді. Бұл іске қатысты түсініктемелер мен айғақтардың шынайылығына, объективтілігіне селкеу түсірмеу үшін істеледі», - деп түсіндірді адвокат.
«Сондықтан процесті суретке және таспаға түсіруге тыйым салуды сұраймын», - деді адвокат.
Ал, прокурор Дәурен Әшімов сот процесі ашық болғандықтан оны таспаға түсіруге қарсы еместігін айтты.