Колония басшылығы Танковтың тәртіп бұзбағанымен, түрмедегі мадени іс-шараларға қатыспайтынын айтқан. Апелляциялық соттың оны мерзімінен бұрын бостандыққа жібермеуіне осының өзі жеткілікті екен. Естеріңізге салсақ, былтыр наурыз айындағы сот процесі кезінде Евгений Танков судья Арай Алшынбековті сапалақпен ұрған еді. Сапалақ сілтегенмен, таяқтың көбін өзі жегенін мына кадрлерде анық көруге болады. Қолына бірден кісен салынған ол, осылайша Алшынбековтің біліксіздігіне қарсылық білдіргенін айтып, өзін судьяны сыйламады деген бап бойынша соттауды сұраған. Алайда Алшынбековтің әріптестері Танков судьяның өміріне қауіп төндірді деп тауып, оны 3 жылға түрмеге жапқан болатын.
Loading...