«Мен бүгін сотта қорғаушының Оспановқа психологиялық тұрғыдан әсер ету мүмкіндігі туралы қолдаухатын жарияладым. Сот М.Оспановтың арнайы жедел-іздестіру шаралары кезіндегі эмоциялық ахуалын анықтау мақсатында психологиялық-криминалистік сараптама тағайындау туралы шешім шығарды», - деп жұмадағы брифингте Астана қаласының қылмыстық істер жөнінде мамандандырылған аудан аралық сотының төрағасы Ербол Рақымбеков мәлім етті.
Судьяның айтуынша, «М.Оспановтың ісі аяқталды деуге әлі ерте».