Сот Талғат Ермегияевтің мүлкін бақылауға алуға санкция берді

«Астана қаласындағы Алматы ауданының №2 аудандық сотына Талғат Ермегияевтің мүлкін, дәлірек айтқанда «Са-Бек» ЖШС (үлестік қатысу дәрежесі - 30 пайыз) жарғылық капиталдары, «ТКМ» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі - 30 пайыз), «Глобус Алматы» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі - 50 пайыз), «ХОЗУ-Транс» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі - 100 пайыз), «Рахат-АВТО» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі - 18 пайыз), «Глобус Астана» ЖШС (үлестік қатысу деңгейі - 50 пайыз) үлесіне арест қоюға санкция беру туралы өтінім келіп түскен», делінген Астана қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Өтінім Т. Ермегияевке қатысты қозғалған ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлімі «б» бөлігінде қарастырылған (мүлкін тәркілеу) талапқа байланысты қанағаттандырылды.



Еске сала кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев 12 маусымнан бері Астана қаласы Алматы ауданы № 2 аудандық сотының қаулысымен үй қамаққа алынған.