Сотқа жалған жауап бергені үшін Петропавлдық бір тұрғынды 200 сағаттық қоғамдық жұмысқа жегу туралы шешім шығарылды

Көшедегі тонаушылық құрбанына айналып, бастапқыда тергеушілер мен сотқа берген жауаптарында бір сөзінен таймаған Г.Колесников іс аппеляциялық сатыда қаралған тұста сотталушының жағына шығып, бұған дейін айтып келген күш қолдану жайындағы қоқан-лоққы жалған болатын деп тайқып шыққан. Соңынан Г.Колесников мұндай қадамға айыпкердің анасына жаным ашығандықтан бардым деп мойындаған.

Б.Бегеновтың айтуынша, бұл- осы тектес қылмыс түрлерінде алға тартылатын басты сылтау болса, тағы бір мүмкін мотив - қаржылық мүддеден туындауы мүмкін. Республика көлемінде дәл осындай оқиғалар көптеп кездесетініне қарамастан, прокуратура қызметкерлері мұндай қылмысты күрделі проблемалар қатарына жатқызып отыр.