Отбасы туралы ол Tengri tv You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Солтүстік Қазақстан облысында, Ақжар ауданына қарайтын Дәуіт деген кішкентай ауылда туып-өстім. Менің мектепке барған уақыт 90-шы жылдарға сәйкес келді. Ата-анам қатал тәрбиеледі. Жалпы менің өмірімде жақсы адамдар өте көп кездесті. Солардың бірі - мектептегі ұстаздарым. Менің тұлға болып қалыптасуымда ол кісілердің де сіңірген еңбегі зор. Сол үшін Дәуіт орта мектебінің ұстаздар қауымына алғысым шексіз”, - дейді ол.
Прокурор қызметте қатал болғанымен, отбасында аяулы жар екенін де жасырмады.
”Мен тұрмыстамын, 2 қызым, 1 ұлым бар. Олар әлі кішкентай, менің жұмысымды түсінбейді. Күйеуім екеуміз бір-бірімізді әрдайым қолдап жүреміз. Үнемі жұмыста болғаннан кейін, демалыс күндері, мереке күндері отбасымның жанында болуға, көбірек бірге уақыт өткізуге тырысамын. Сот процесстерінде қаталмын. Бірақ, өмірде мүлде басқа адаммын деуге болады. Себебі, мен сотта мемлекеттік айыптаушымын, прокурормын, және бұл қызметте менің нақты міндеттерім бар. Ал, күнделікті өмірде мен анамын, жармын, ата-анамның қызымын, келінмін. Кәдімгідей қарапайым өмір сүремін”, - Айжан Аймаганова.