Сотта жеңілген Бақыт Сәрсекбаев даулы пәтерден күштеп шығарылады


Сөйтіп іс Сәрсекбаевтың жеке бапкері Кәрім Махмұдовтың пайдасына шешіліп отыр. Ол болса, әлдеқашан Елордадағы пәтерді бөгде біреуге сатып жіберген. Бірақ «үй менікі» деген Олимпиада чемпионы сонда заңсыз кіріп алыпты. Бүгінгі сот шешімімен боксшы баспананы өз еркімен босатуы тиіс, әйтпесе күштеп шығарылады. Айта кетсек, боксшы Бейжіңдегі жеңісінен кейін бапкері әрі туған нағашысы Кәрім Махмұдовқа көптің көзінше пәтер тарту еткен-ді. Кейін Лондон Олимпиадасына «апармады» деп өкпелеп қымбат сыйын қайта тартып алмақ болған. Бүкіл елге аты шыққан боксшы ақыры сотта жеңіліп тынды.