Сотталғандарға электронды білезік алу үшін бюджеттен мол қаржы бөлінді


Әр білезіктің құны 70 мың теңге көлемінде. Оны түрмеде отырғандар емес, жазасын шартты түрде өтейтіндер киеді. Бұл Батыс елдерінен алынған тәжірбие. Енді полицейлер де, шетелдік әріптестері секілді шартты жазаға тартылып үйінде жүргендерді сырттай бақылап отырмақ. Тіпті, олардың жүріп-тұратын, жұмысқа баратын картасына дейін жасап, көзден таса қылмайды. Ішкі Істер министрлігі электронды білезік салу арқылы түрмелерді босатпақ. Өйткені, қазір Қазақстан абақтыда отырған адамдар саны бойынша әлемде  35-ші орын тұр.