Сотталғандарға сақал өсіруге рұқсат берілді


Өйткені жазасын өтеушілердің сақал қоюына тыйым салу діни сеніміне қол сұғу болып табылады екен. Депутаттар сотталғандарға туыстары жіберетін азық-түлікке тосқауыл қоятын бапқа да қарсы шықты. Жақындарымен кездесу уақыты да шектелмеуі тиіс. Бұрынғы қалпында қала бермек. Сөйтіп  шенеуніктердің Қылмыстық атқару кодексіне енгізгісі келген даулы ұсыныстары Мәжілістің екінші оқылымында қабылданбай қалды.