Сотталмай қойған Мәнізоров жұмысқа қайта оралды

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнізоров жұмысқа оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Мәнізоров 30 қазанда жұмысқа шыққанын атап өтті.

– Ол жұмысқа шықты және өзінің лауазымы аясында функционалдық міндеттерін орындауда, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әкімдіктің баспасөз қызметі бұған дейін Мәнізоровтың Алматы облысы әкімінің орынбасары ретінде атқарған жұмыстары облыс басшылығы тарапынан жоғары бағаланғанын хабарлаған.


– Ол өзін жоғары деңгейлі маман, өз саласының білікті қызметкері ретінде көрсетті, жұмыстан шығам десе, шешімді өзі қабылдайды, - деп қосты әкімдік.