Соттарды мамандандыру - сот әділдігін қамтамасыз ету сапасын арттыруға септігін тигізеді - Елбасы

Елбасы "кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісі жөніндегі және басқа да мамандандырылған соттар құру мүмкіндігін" қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге Н.Назарбаевтың пайымдауынша, "аудандық және солармен теңестірілген соттарға" баса назар аудару қажет. "Істердің басым бөлігі осы деңгейде қаралып, шешімін табаты баршамызға аян",- деп атап көрсеткен Елбасы "жалпы сот жүйесі, оның тиімділігі мен әділдігіне қатысты халықтың пікір-көзқарасы дәл осы аудандық соттарға шағым айта келген кезде қалыптасады" ,- деді .

Президенттің пікірінше, "дәл осы аудандық тармақта істерді шешу азаматтар арасындағы соттардың беделі мен абыройын көтеруге мүмкіндік берумен бірге, аудандық соттардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға жол ашады". Н.Назарбаев осы орайда сот жүйесін одан әрі реформалау мен жалпы сот ісін жүргізу заңнамаларын жетілдіру ісіне Конституция нормасы негіз болуға тиіс деп атап көрсетті . Онда "сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады. Биліктің басты мақсаты - азаматтар мен ұйымдардың құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғауға, Конституцияның, заңдар, басқа да нормативтік актілер мен халықаралық келісімдердің орындалуын қамтамасыз етуге саяды" деп көрсетілген.