«Союз» аппараты Қазақстан даласына қонды


Қысқа толқын дабылын қабылдаған құтқару қызметінің ұшағы капсуланың қону аумағын ыңғайлады. 

Аппарат жоспарланған ауданға қонды. Нақтырақ айтқанда, Жезқазған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 146 шақырым қашықтыққа түсті, деп хабарлады ТАСС .

Аппарат қонған жерде іздестіру-құтқару тобы қызмет етті.