"Союз ТМА-02М" кеме экипажы екінші жаттығуға кірісті

Агенттіктің айтуынша, екінші жаттығу біріншісінен қарқынды өтуде.

"Союз ТМА-02М" пилотты ғарыш кемесімен "Союз-ФГ" зымыранын ұшыру 8 маусым 00.15-ке (мск уақытымен) белгіленген.
Кеменің негізгі экипажы - командир Сергей Волков, НАСА астронавты Майкл Фоссум және астронавт Джакс Сатоши Фурукава. Дублерлер - Олег Кононенко, Дональд Петтит (НАСА), Андрэ Кауперс (ЕКА).