«Союз ТМА-10М» кемесі үш экипажымен Халықаралық ғарыш стансасынан ажырады


Ресейғарыш ғарышкерлері Олег Котов пен Сергей Рязанский, сондай-ақ НАСА астронавы Майкл Хопкинс мінген «Союз ТМА-10М» басқарылатын кемесі белгіленген уақытта Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментінен автоматты режимде ажырап, Жерге бет алды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне Ұшуды басқару орталығының өкілі.

Ұшуды басқару орталығынан хабарлағандай, аппараттың Жер атмосферасына енуі мәскеу уақытымен 07.01-ге белгіленіп отыр. Қонуды басқару 07.03-ке, ал парашютты ашуға команда 07.09-да (мәскеу уақытымен) болады деп күтілуде.

«Союздің» жерге қонуы әуелде 12 наурызға белгіленген болатын, кейіннен Арқалық қаласы ауданында қар қабаты қалың болуына байланысты 11 наурызға ауыстырылып, неғұрлым құрғақтау - Жезқазған түбіне қондыру жоспарланды.

Котов пен Рязанский тарихта алғашқы болып ашық ғарышқа Олимпиада алауын шығарған ғарышкерлер болып қалмақ. Одан Сочидегі қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтатылған болатын. Сонымен бірге, Котов пен Рязанский ресейлік скафандрмен ашық ғарышта жұмыс жасау жөнінде рекорд орнатты (8 сағат 10 минут).

Орбитада Халықаралық ғарыш стансасында Ресейғарыш ғарышкерлері Михаил Тюрин, НАСА автонавты Ричард Мастраккио, сондай-ақ жапон астронавы Коичи Ваката жұмыс жасауда.