"Союз ТМА-11М" ғарыштық кемесімен Жерге үш ғарышкер оралды


Ұшуларды басқару орталығының залында үлкен экранға "Қонды", деген жазу шықты.

Басқару залынан аппараттың қонуын бақылап отырған аталмыш орталықтың қызметкерлері, ғарыш саласының басшылығы, шетелдік және ресейлік қонақтар қол шапалақтады.

"Союз ТМА-11М" Байқоңырдан 7-қараша күні мәскеулік сағат 8:14-де ұшырылып, сол күні сағат 14:31-де Халықаралық космос станциясына жетті.

"Союза ТМА-11М" экипажы ХКС-на олимпиадалық алауды жеткізді, Жаңа жыл қарсаңында олар бейнебайланыс арқылы Бүкілресейлік Аяз атамен, Пасха алдында Мәскеу патриархы Кириллмен, Ғарышкер күні Ресей президенті Владимир Путинмен сөйлесті. Жарты жыл экспедиция кезінде экипаж мүшелері "Прогресс М-22М" және "Прогресс М-23М" кемелерін қабылдады. Бұл экспедицияның ерекшелігі сол, алғаш рет тарихта станцияға жапондық астронавт басшылық етті.