"Байқоңыр" ғарыш айлағында бүгін ұшырылым күні. Ұшырылым алдындағы дайындық кестесіне сәйкес, Халықаралық ғарыш станциясына баратын 17 экспедицияның негізгі экипажына кіретін Ресей ғарышкері, ХҒС командирі, "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің командирі Сергей Волков, Халықаралық ғарыш станциясының бортинженері, "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің бортинженері Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон 10 сағат 15 минутта арнаулы автобуспен скафандрларды кию мен дайындықтар үшін №254 алаңдағы ұшырылым кешеніне аттанды.
14 сағат 15 минутта корабль командирі мемлекеттік комиссияның төрағасына экипаждың ұшырылымға дайын екенін мәлімдейді. Бұдан кейін ғарышкерлер автобуспен №1 алаңдағы Гагарин стартына ғарыш кораблінде жайғасу үшін аттанады.
Ғарышкерлер ғарыш корабліне тоқсатымен көтеріліп, ұшу-қон орындықтарының ложементтеріне жайғасады, бұдан кейін олар үш сағат бойы кеме жүйелерін тексереді.
Бүгін таңертең, сондай-ақ, ғарыш саласы кәсіпорындарының мамандары ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісіп, "Союз-ФГ" зымыран тасығышын зымыран отынының компоненттерімен толтыруға дайындала бастады.
Отын құйылғаннан кейін "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Союз ТМА-12" транспорттық пилотты ғарыш кемесін ұшыру туралы шешімді мемлекеттік комиссия қабылдауға тиіс.
Ғарышкерлер экипажының 17 негізгі экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.