Экипаж құрамында Ресейлік ғарышкер Александр Калери, НАСА астронавты Майкл Фоэл, Еуропалық ғарыштық агенттігінің ғарышкері, испандық Педро Дукелерді алып ұшатын пилотты ғарыш кемесін Халықаралық Ғарыш станциясына ұшыру 18-қазан, сенбіге белгіленген.
"Союз-ТМА-3" ғарыш кемесі- ресейлік констукторлардың ең соңғы туындысы. Бұған дейінгі үлгілерден оның айырмашылығы, ғарыш кемесі соңғы дәуірдің комьютерлік басқару тетігімен жабдықталып, кеме ішіндегі жағдай мейлінше жанға жайластырылған. Онда тіпті бойы 2 метрлік алып ғарышкерлердің өзін Халықаралық Ғарыш станциясына жанын қинамай жеткізетін жаңа орындық-ложементтер орнатылған.
"Союз-ФГ" зымыран-тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағының ұшу алаңына шығарылды
