"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер экипажымен Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды

"Союз-ТМА-12" кораблінің түсірілетін аппараты ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко мен ғарыштық турист Ричард Гэрриотты алып Арқалық қаласының маңындағы белгіленген ауданға келіп қонды.

Ғарышкерлердің қонуын 3 ұшақ, 12 Ми-8 тікұшағы, 6 іздестіру-көшіру машинасы мен 9 қосалқы техника қамтамасыз етті.

Іздестіру-құтқару тобының мәліметінше, С. Волков, О. Кононенко мен Р. Гэрриот өздерін жақсы сезінуде. Экипаж тікұшақтармен Астанаға, сосын сауықтыру курсынан өту үшін Жұлдыздар қалашығына жеткізіледі.